Ермағанбет Бөлекпаев: «Әрбір дауыс ел болашағын айқындайды
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңір жұртшылығын 15 наурыз күні өтетін жалпыұлттық референдумда дауыс беруге шақыратын бейнеүндеу жариялады. Өңір басшысы өз сөзінде референдум елдің болашағы үшін маңызды қоғамдық-саяси науқан екенін атап өтті. Оның айтуынша, әр азаматтың дауысы мемлекет дамуының келешек бағытын айқындауға ықпал етеді.

Ол жаңа Конституция елдің ішкі қажеттіліктеріне жауап беріп қана қоймай, сыртқы сын-қатерлер жағдайында да мемлекетіміздің мызғымас тұрақтылығын қамтамасыз ететінін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Конституция қоғам мен мемлекеттің арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтіп, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтынын айтты.
«Референдумға қатысқан азамат ел тағдырына бейжай қарамайтын, ұлт болашағы үшін жауапкершілікті терең сезінетін тұлға» екенін атап өтті.
Ермағанбет Бөлекпаев өз бейнеүндеуінде ежелден Еңбек адамын қадірлеген, металлургтер мен инженерлердің бірнеше буыны қалыптасқан Арқа жұртшылығы тағдыршешті сәтте азаматтық белсенділік танытып, референдумда өз таңдауын жасайды деген сенімін білдірді.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі



