Бас тақырыпБасты тақырып

Ермағанбет Бөлекпаев: “Мен шағымданбаймын, талап етемін!”

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев https://tengrinews.kz/article/ne-zaluius-trebuiu-pogovorili-bulekpaevym-saxterov-otoplenie-3286/ порталына сұхбат беріп, өңірдегі өзекті мәселелер туралы айтты.

Суреттерді түсірген Жангелді Әбдіғалым

Әкімнің айтуынша, биыл жылу маусымы аймақ бойынша тұрақты жүріп жатыр.

«Жылу бір сәтте беріле салмайды. Алдымен мектептер мен ауруханаларға, кейін тұрғын үйлерге қосылады. Барлығының үйі жылумен қамтылған», – деді ол.

Ермағанбет Бөлекпаев Саран қаласындағы орталық қазандық мәселесіне де тоқталды. Былтыр туындаған ақаулар биыл жойылып, қазандық толық жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.

Облыс басшысы коммуналдық жүйелерді жаңарту бағытында «Тариф – инвестицияға айырбас» бағдарламасы маңызды рөл атқарып отырғанын айтты.

«Су, жарық, жылу желілері кезең-кезеңімен жаңартылуда. Биыл халықты ауызсумен 100 пайыз қамту жоспарда», – деді әкім.

Аймақ басшысы сондай-ақ газдандыру, жол сапасы мен экология мәселелеріне назар аударды. Оның айтуынша, Қарағанды мен Теміртауда ауа сапасын жақсарту үшін тұрғын үйлер мен өндіріс нысандарын газға қосу жалғасып жатыр.

«Біздің аймақтың адамдары талапшыл, еңбекқор. Сол қасиеттер арқылы облыс дамып келеді», – деп түйіндеді Ермағанбет Бөлекпаев.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button