Бас тақырыпЖаңалықтар

Ермағанбет Бөлекпаев: «Балқаш – Қарағанды облысының туристік орталығына айналуы керек»

Балқаш қаласында туристік ауылдарға арналған магистральді су құбырының құрылысы басталды. Балқаштан Торанғалыққа дейінгі су құбырын салу туризмді дамыту үшін де маңызды. Шұбартүбек елді мекені де сумен қамтамасыз етіледі. Магистральды су құбырының құрылысын бастауға республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Сондай-ақ туркластерлерге кәріз қажет.

Жаңа жобалар, жоспарлар мен мүмкіндіктер туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың басшылығымен Балқашта өткен көшпелі кеңесте айтылды.

Суреттер: облыс әкімінің баспасөз қызметінен

Туризм – өңір экономикасының маңызды бағыттарының бірі. Президенттің тапсырмасы бойынша біз туристік ағынды дамытуға жүйелі көзқарас қалыптастырудамыз. Тек өткен жылы ғана туристер саны 28%-ға, ал қызмет көрсету көлемі 70%-ға өсті, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Атқарылған жұмыстар мен туризмнің болашағы туралы Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаев баяндады. Әкімнің айтуынша соңғы екі жылда қалада 44 шақырым су құбыры желісі ауыстырылып, курорттық аймақтарда 13 санитарлық-гигиеналық модуль орнатылған, тағы үшеуі тартылып жатыр.

Инвесторларды тарту үшін Бертыс бұғазы ауданындағы жер учаскелеріне түгендеу жүргізілген.

Бүгінгі таңда Балқашта туризмді дамыту үшін аукцион арқылы ұсынылатын 106 га бос жер бар.

Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Алматы – Екатеринбург автожолы ауданында жол бойындағы сервисті дамыту үшін бизнес нысандарының құрылысына қосымша жер телімдерін, кәріз желілерінің құрылысына және сумен жабдықтауға ЖСҚ бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Біздің мақсатымыз – Балқашты тек біздің елден ғана емес, шетелден де туристерді тарту нүктесіне айналдыру. Біз құрылыс жүргізіп қана қоймай, алға көз салып, трендтерен озып отыруымыз қажет, – деп атап өтті Сапар Сатаев.

– Осындай форматта жиі кездесетін боламыз. Барлық мәселелерді бірлесіп шешу қажет. Қала Қарағанды облысының туристік орталығына айналуы тиіс. Тазалыққа ерекше назар аудару қажет – бұл да қаланың бет-бейнесі. «Таза Қазақстан» акциясына барлығы қатысуы тиіс, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button