Жаңалықтар

Облыс әкімі қазақстандық митрополит Александрмен кездесті

Қарағандыда қазақстандық митрополит Александр архипастырь сапарымен болып қайтты. Православие шіркеуінің басшысы Введенский шіркеуінде болды.

Среттер: Обылс әкімдігінін сайтынан

Қазақстандық митрополит Александрмен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев кездесті.

– Қарағанды облысы көпконфессиялы өңір. Мемлекет тарапынан дін саласында жүргізіліп жатқан саясаттың арқасында біз түрлі дін өкілдерімен сындарлы диалог құрдық, – деп атап өтті өңір басшысы.

Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы қарағандылықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

– Қарағандыда түрлі ұлттар мен діндердің адамдары бейбіт әрі келісімде өмір сүріп жатыр. Мен әрі де осылай болғанын қалаймын, – деді митрополит.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button