Ресми

Ермағамбет Бөлекпаев: «Халық жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің рухына құрмет көрсетуді есінен шығарған емес»

31 мамыр халқымыздың басынан өткен ең сұрапыл да қасіретті кезеңдерді еске алатын – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Халқымыздың тарихында мерейі тасыған дәуірлермен қатар, «тар жол тайғақ кешкен» кезеңдердің де аз болмағаны ақиқат.

ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін, репрессия, депортация, Тәуелсіздік үшін күрес – мыңдаған жазықсыз жандардың көз жасы тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып саналады. Біздің халық қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімін еске алуды, олардың рухына құрмет көрсетуді есінен шығарған емес. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық. Бұл қиындықты елімізге еріксіз, күшпен жер аударылып келген 1,5 миллион өзге этнос өкілдері де көрді. Қазіргі таңда сол ұлттардың барлығы біздің бауырымызға, отандасымызға айналды. Тар жерде табысқандардың ұрпағы – кең жерде келісіп, бүгін тағдыры бір Қазақстан халқы деген ұлы елге айналды. Еліміз бейбітшіліктің бесігі атанып, бүкіл әлемге танылды. Төрт тарапты түгел мойындатып, өсіп-өркендеу жолына түсті. Тарихи жадымызда жатталған сол замандағы қиын кезеңдердің табы біздің бірлігімізді одан әрі бекемдеп, халық жадында мәңгілікке сақталатын болады!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,

Қарағанды облысының әкімі. 

Нұркен ҚОБЖАНОВ,

Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button