Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ақтоғай аудандық балалар кітапханасында іс-шара өтті.

Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақталды. Ендеше, бүгінгі «Теңдесі жоқ тарихи жеңіс» атты тақырыпта тарихи сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады. Иа, кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіткүнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. К.Байсейітова атындағы жалпы білім беретін мектебінің 5-сынып оқушылары Сағындық Дильназ «Смуглянка» өлеңнің, Асылмұрат Нұрсұлтан, Райымбек Ерарыс, Жанкелді Мансұр, Төлеухан Бекнұр, Марат Әмина, Қабдолла Ұлпандар Жеңіс туралы өлеңдерін айтып берді.
Қ.БЕРКІМБАЕВА,
Ақтоғай аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы