Приозерск

Ерлік – елдің жадында

Қалада Жеңістің 72 жылдығына арналған шеру өтті. Шараға Ұлы Отан соғысы ардагерлері және тыл еңбеккерлері бастаған қала жұртшылығы қатысты.

Қала тұрғындары Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға арналған Ерлік ескерткішіне, Дорохов ескерткіш-бюстіне гүл шоқтарын қойды. Қан майданнан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мерекелік жиында қала әкімі Қайрат Камзин сөз алып, ардагерлерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

Ұлы Жеңістің 72 жылдығына және ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай, Қазақстан және Ресей гарнизонының әскери қызметшілері салтанатты сапта жүріп өтті.

Арнайы ұйымдастырылған әскери техника да орталық алаңда сап түзеді.

Сондай-ақ, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арналған «Солдат ботқасы» ұйымдастырылып, қала өнерпаздары ардагерлер құрметіне арнап өнер көрсетті.

Бүгінде қаламызда 4 майдангер тұрады. Ұлы мереке қарсаңында ардагерлерге 150 мың теңгеден берілді.

Қала әкімінің

баспасөз қызметі.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button