Спорт

Ерлі-зайыпты Ефремовалар Тегераннан жүлдемен оралды

Тегеран қаласында (Иран) жеңіл атлетикадан өткен жабық кешендегі Азия чемпионатында қазақстан құрамасы ел қоржынына 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль салды. Бұл қатарда облыс атынан сынға түскен ерлі-зайыпты Давид пен Мария Ефремовалар да бар.

Суреттер: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Жарыстың бірінші күнінде сынға түскен Давид Ефремов 60 метрге кедергілермен жүгіруден мүдірмей өтіп, жеңімпаз атанды. Ол осы қашықтықты 7.60 секундта еңсерді. Ал, чемпионаттың екінші күнінде Мария Ефремова үш қарғып секіруден қола жүлдеге ие болды.

Ал, ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Елизавета Матвеева биіктікке секіруден 1.86 м. биіктікті бағындырып, алтын жүлдеге қол жеткізді. Ольга Сафронова 60 метр қашықтықты 7.35 секундта бағындырып, күміс тақты. Аяна Болатбекқызы 1500 метр қашықтыққа жүгіріп, ІІІ орыннан көрінді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button