Бас тақырып

Ерлан Қарин: Бурабайдағы құрылтайдың нәтижесінде 6 заң қабылданды

Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы басталды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Бурабайдағы құрылтайдың негізгі нәтижелеріне тоқталды деп хабарлайды http://Ortalyq.kz сайты http://kaz.inform.kz- ке сілтеме жасап. 

сурет Ақорда

Құрылтайдың Бурабайдағы төртінші отырысынан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар бекітілді. Осы жоспарға сәйкес, бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілді. Біріншіден, құрылтай бастауларын жүзеге асыру барысында Парламент депутаттарының қолдауымен былтыр 6 заң қабылданды, – деді ол.

Мемлекеттік кеңесші бұл заңдар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқыққа қайшы келетін контенттің таралуын шектеу, жекеменшік объектілерге атау беруді жүйелеу, қоғамдық орындарда бет-жүзді бүркейтін киімге тыйым салу, археология саласын реттеу бағыттарын қамтығанын еске салды.

– Бұған қоса осы уақыт ішінде тағы 10 заң жобасы жұмысқа алынды, – деді Ерлан Қарин.

Бұған дейін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы басталғанын жазған едік.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button