Еркін күрес: жерлестеріміз алтын жүлдеге ие болды
Қарағандылық еркін күрес шеберлері Эльмира Сыздықова мен Гүлдана Бекеш Францияда өтіп жатқан Анри Деглан атындағы турнирде жеңімпаз атанды.
Ниццада өткен жарыста Эльмира Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, ал Гүлдана Бекеш 59 келіге дейінгі салмақта күресті. Екі спортшы да қарсыластарын жеңіп, турнирдің алтын медалін жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы Гүлдана Бекеш Азия жастар чемпионатының қола жүлдегері атанған. Эльмира Сыздықова да ересектер арасындағы құрлықтық біріншілікте үшінші орын иеленді.
Спортшыларды Владислав Сутормин мен Ермек Әбділдин жаттықтырады.
Анри Деглан – грек-рим стиліндегі Француз балуаны, 1924 жылғы Олимпиада чемпионы. Оны еске алуға арналған халықаралық турнир дәстүрлі түрде Ниццада өтеді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА