Жаңалықтар
Еркін Көбеев өмірден өтті
Заң ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды облыстық мәслихатының V және VI шақырылымдарының депутаты Еркін Қиноятұлы Көбеев өмірден өтті.
Еркін Қиноятұлы 1959 жылы 31 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1976 жылы орта мектепті алтын медальмен бітірген. Қарағанды мемлекеттік университетінің, М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің түлегі.
Еркін Қиноятұлы Көбеевтің кәсіби қызметі еліміздің білім саласымен тығыз байланысты. Ол ұзақ жылдар бойы академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры қызметін абыроймен атқарды. 200-ден аса ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы.
Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
ortalyq.kz