Бас тақырыпЖаңалықтар
Еріктілер “Жылулық сыйлады”
Бірнеше күннен бері боран мен қардың көп түсуіне байланысты Қарағандының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Осыған орай Қарағанды қаласы ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы «Жылулық сыйла» акциясын ұйымдастырды.
Акция аясында еріктілер ауа райының қолайсыздығына қарамастан жұмыс атқарып жатқан Майқұдық және Оңтүстік-Шығыс коммуналдық қызмет көрсету мекемесінің жұмысшыларына ыстық шай, бауырсақ және шоколад беріп, аязда аздап жылынуға көмектесті.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.