Еріктілер сенбілікте 30 қаптан астам қоқыс жинады
Өткен сенбіде Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен «Бөл, тапсыр, қайта өңде!» жобасы аясында сенбілік өтті. Еріктілер Қарағанды–Теміртау тас жолының бойын және іргелес жатқан орман алқабын қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, бірінші мәрте өткізіліп отырған сенбіліктің соңы пикникке ұласты.
Еріктілер сенбілікте 30 қаптан астам қоқыс жинады. Акцияға қатысушыларға қажетті құрал-жабдықтар мен жүк тиейтін көлікті басқарма басшылығы қамтамасыз етті.
– Қоқыс әртүрлі қаптарға сұрыпталды. 14 қап – пластик, 3 қап – металл бұйымдар, 6 қап – шыны, 4 қап – қағаз, 4 қабы – аралас қоқыс шықты. Мұның бәрі бірден қайта өңдеуге жіберілді және көп ұзамай бұл қалдықтар қайта өңделетін затқа айналады, – деді ұйымдастырушылар.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz