Ресми

Еріктілер есік алдынан қарсы алады

№79 сайлау учаскесі орналасқан Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне келген сайлаушыларды еріктілер есіктен қарсы алды. Университеттің волентерлік ұйымының студенттері – Әділ Жұмабеков, Кенесары Текебаев және Бекболат Асылбекұлы таңғы 06:00-ден осында.

– Сайлау учаскесі ашылмай тұрып, бізге сайлау процесінің жүру тәртібі түсіндірілді. Келген адамдарды, әсіресе, қарттарға  ішке кіруге көмектесеміз. Ерікті түрде шықтық,– дейді Әділ Жұмабеков.

Ал, сайлау учаскесі төрағасы Саян Есмағанбетовтың айтуынша, егде жастағы сайлаушылар көп келген.

 – Сайлауға алғаш қатысқан және және қарт кісілерге тәтті сый бердік. Мәселен, 82 және 83 жастағы қарт кісілер келді. Қазіргі уақытта учаске бойынша сайлаушылар тізімінің 60-70 пайызы келді деп атйтуға болады. Ал, келе алмаған 11 адамға үй жағдайында дауыс беруге мүмкіндік жасалды, – деді ол.

Біз осында болған уақытта университет ректоры Нұрлан Дулатбеков те өзінің азаматтық парызын орындағанына куә болдық.  Нұрлан Орынбасарұлы сайлаушылардың өз конституциялық құқықтарын пайдалынып, еркін таңдау жасау арқылы белсенділік танытқандарын қалайтынын айтты.

– Бүгін Мәжіліс пен мәслихат депуттарының сайлауы университет бойынша ұымыдастырылған 5 сайлау учаскесінде өтіп жатыр. Сайлаушылар үшін барлық жағдай жасалды, санитарлық нормалар талаптары сақталды. Экс-депутат ретінде халық дауысына ие болған азаматтардың халықты толғандырған мәселелерін көтеруге тырысады деп айта аламын. Қақаған қыста дауыс беруге келген азаматтардың аманатын ұмытпаса екен деймін,– деді университет басшысы.  

Басқа материалдар

Back to top button