Балқаш
Еріктілер елге шықты
Тамыздың алғашқы күні Балқашта “Мектепке жол” акциясы басталды. Ол қыркүйектің аяғына дейін созылады.
Елге шыққан еріктілер қаланың адам қалың жүретін жерінен демеуші іздестірді. Акция туралы ақпарат жазылған парақша таратып, балаларға жәрдемдесуге шақырды.
Қол ұшын бергісі келгендерді қалалық білім бөлімі күтеді. Көмекке мұқтаждардан өтініш те сонда қабылданады.
Былтыр жаңа оқу жылы басталғанша мыңнан астам балаға 9 млн. теңгенің көмегі көрсетілді. Қажетті қаражаттың жартысын мемлекет бөлді, қалғанын қала тұрғындары жинады. Балқаштықтар биыл да белсенділік көрсетеді.
Әлібек ӘБДІРАШ,
«Орталық Қазақстан»