Ереже бекіді: Енді шетелдік нөмір таққан көлікті заңдастыруға болады

Үкімет шетелдік номер таққан автокөліктерді заңдастыру ережесін бекітті, деп хабарлайды Оrtalyq.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлікті заңдастыру талаптары төмендегідей:

Ең бірінші талап, көлік Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген болуы керек. Сондай-ақ, алып келген көлігіңіз шет елде іздеуде болмауы – міндетті. Және де басқа мемлекеттің құзыретті органында бұрынғы тіркелген жері бойынша мемлекеттік есептен шығарылған болуы шарт.

Кедендік тазартудан өткен болса, яғни осындай талаптарға сәйкес келсе, қаулыға сай көлік құралдарына бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін 200 000 теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесі қолданылады.