АймақБас тақырыпЖаңалықтарПриозерск
Ерекше кейіп – маңызды таңдау
Республикалық референдум барысында Приозерск қаласындағы №227 учаскеде орын алған өзгеше көрініс көпшіліктің назарын аударды. Қала тұрғыны Жанар Каримбаева дауыс беру үшін учаскеге аю костюмін киіп келді.

Ерекше образдағы тұрғын ел көңілін көтеріп, әрі тұрғындарды белсенділікке шақырғысы келгенін айтады. Оның бұл қадамы референдум учаскесіндегі жұртшылық қызығушылығын тудырып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
– Дауыс беру – азаматтық борыш. Әркім ел болашағына сергек қарауы керек. Мен осылайша дауыс берудің маңыздылығын еске салғым келді, – дейді Жанар Алмасбайқызы.
Айта кетейік, тұрғынның бұл бастамасы референдумның маңызын өзгеше жеткізудің бір көрінісіне айналды.
Нұрдос КӘРІМ
«Ortalyq Qazaqstan»
ПРИОЗЕРСК



