Жаңалықтар

Ерекше балалар ән шырқамақ

Елімізде ерекше балаларға арналған «Арман асулары» атты инклюзивті жоба басталмақ. Бойында таланты бар ерекше балалар сахнаға шығып, өнер жұлдыздарымен бірге ән шырқайды. Бұл туралы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы директорының шығармашылық қызмет бойынша орынбасары Серік Нұрмолдаев айтты.

фото: ашық дереккөзден

«Арман асулары» атты ерекше балаларға арналған инклюзивті жобаны бастағалы жатырмыз. Еліміз бойынша таланты бар ерекше балаларды жинап, сахнаға шығуына жағдай жасаймыз. Сол сияқты олар біздің өнер жұлдыздарымен бірге ән айтатын болады. Сонымен қатар, бізде «Ортеке» атты қуыршақтар театры бар. Аталған өнер ұжымы биыл ЮНЕСКО-ның тізіміне енді. Осы орайда елімізде қуыршақтар форумын өткізу жоспарда бар», – деді Серік Нұрмолдаев.

Сондай-ақ, спикер отандық жас композиторларды қолдау мақсатында «Қазақконцерт резиденциясы» атты жобаның қолға алынып жатқаны туралы айтты. Сонымен қоса, тағы бір жаңалықтың шетін шығарды. Қазақстанда «Әлем сазы» атты халықаралық фестиваль өткізілмек. Оған 10-нан астам елден өкілдері қатысып, апта бойы өнер көрсетпек.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button