Бас тақырыпМедицина

Ерекше балаларға ерекше қолдау

Қарағандыда «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен инклюзивті қоғамды дамыту мақсатында ерте араласу орталығы ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Алпысов арнайы қатысты. Мұндай орталық бұған дейін республиканың түпкір-түпкірінде ашылған. Қарағандыдағы 35-ші нысан болып тіркеліп отыр. Осы уақытқа дейін аталмыш орталықтардан 40 мыңға жуық бала оңалтудан өткен. Оның 3070-і алғашқы қадамын жасаса, 4162 бүлдіршін бірінші сөзін айта бастаған.

Сурет: облыстық денсаулық сақтау басқармасынан алынды

Аталмыш орталық АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Ресей және Қазақстанның сараптамалық деңгейдегі заманауи медициналық оңалту және диагностикалық құралдарымен жабдықталған.

– «Самұрық-Қазына» қоры 2020 жылдан бері ерекше балаларды оңалтудан өткізетін орталықтарға қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Үш жыл ішінде біз Қазақстанда инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған 15 оңалту, 14 ерте араласу және аутизмі бар балаларға арналған 5 орталықтың тұсауын кестік. Бүгін міне, кезекті 35-ші орталықты қасиетті кеншілер мекенінде іске қосу бұйырды. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button