Ресми

Ербол Мырзабосынов Туризм және спорт министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды.

Сурет: ҚР Үкіметі

Ербол Мырзабосынов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогика институты дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.

2009-2014 жылдары — Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, кейін меңгерушісі.

2006-2018 жылдары — Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі жаттықтырушы-оқытушысы.

2018-2020 жылдары «Қызылжар арландары» спорт клубының директоры болып жұмыс істеді.

2020-2021 жылдары — «Qazaq kuresi» қауымдастығының басқарушы директоры.

2021-2023 жылдары Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры болды. 

2023 жылы ақпанда Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 

Айта кетейік, биылғы ақпаннан бері осы қызметті атқарып келген Ермек Маржықпаев 31 тамыз күні жұмыстан босатылған еді. 

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button