Бас тақырып
Ербол Хамитов 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атанды
Olympic.kz хабарлауынша, қазақстандық Ербол Хамитов Италияда өткен 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атанды.

Қазақстандық спортшы пара биатлоннан тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтерілді.
Хамитов 4,5 шақырымдық қуу жарысында (отырып жарысу санаты) жеңіске жетті.
Екінші орынды Тарас Рад (Украина) иеленді. Үшінші болып Цзысюй Лю (Қытай) мәреге жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов пара шаңғы жарыстарында қола медаль алған болатын.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



