Ер дәулеті – ел әлеуеті
Осакаров ауданының Трудовое ауылдық округінде неміс технологиясы бойынша салынған сүт-тауарлық фермасы іске қосылып, 19 жаңа жұмыс орны ашылды.
Осыдан біраз уақыт бұрын шаруа қожалығы Германиядан симменталь тұқымды сиырларды сатып алған. «Еңбек-95» ЖШС директоры Олег Безплемянныйдың айтуынша, сүт өндіру жұмысын бастамас бұрын, бидай, арпа, сұлы егіп, егіс алқаптардың жартысына көпжылдық жем-шөптерін өсірген. Ауыл шаруашылығы алқаптары бүгінде 28 мың гектарды құрайтын көрінеді. Шаруа қожалығында 95 адам жұмыс істейді. Сүт-тауарлық ферманың құрылысы жобасы толығымен меншікті қаражатқа салынған. Шамамен 780 млн. теңге қаржы құйылған. Әзірге, 243 ірі қара мал бар шаруа қожалығының құнажын саны – 130, сиыр саны – 59-ға жеткен. Алдағы уақытта сиырды 600-ге жеткізуді жоспарлап отыр.
Нұрдос КӘРІМ
ОСАКАРОВ ауданы.