АймақЖаңалықтар
Ер адам уақытша ұстау изоляторына ішімдік кіргізбек болған
Қарағанды облысында уақытша ұстау изоляторында отырған сотталушыларға 12 литр ішімдік кіргізбек болған ер адамның жолы кесілді.

№61 мекеме қызметкерлері одан он екі литрдей ерекше иісі бар сұйықтық тәркілеген. Аталмыш сусын 6 пластик «Sprite» бөтелкесіне құйылған. Ұсталған азаматтың айтуынша, «сәлемдеме» сотталғандарға арналған. Алайда мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті тоқтатылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау туралы қаулы шығару үшін ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.