Жаңалықтар

Ептілігін сынады

   ҚарМУ-дің студенттері арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. Дүбірлі додаға «Жас сұңқар» әскери-спорттық клубының мүшелері және БӘДжЖС кафедрасының оқытушысы Ж.Ермембетов мұрындық болды Жарыстың бас төрешісі Қырықбай Сәрсенбайұлы өз сөзінде сайыстың ережесі мен шарттарын түсіндіріп, ұлттық спорт түрлерін бағдарлама бойынша өткізіп, төрешілер құрамын тағайындады. Қатысушылар тоғызқұмалақ, асық ату, қол күресі, кір тасын көтеру, жаяу аударыспақ, қамшы тастау, арқан тарту бойынша сынға түсті. Жарысқа он екі факультеттен он команда қатысты. Жалпы есеп нәтижесінде І орынды – дене мәдениеті және спорт факультеті, ІІ орынды – физика-техникалық факультет студенттері иеленді. ІІІ орын – математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттеріне бұйырды. Жеңімпаздар грамотамен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button