Жаңалықтар

Энтони Джошуаның қатысуымен болған жол апатында екі бапкері қаза тапты

http://sports24.kz хабарлауынша, әлем чемпионы, британиялық боксшы Энтони Джошуаның қатысуымен болған жол апатында экс-чемпионның екі бапкері қаза тапты.

Сурет Getty Images

Апат Лагос – Ибадан трассасында болған. Спортшы отырған Lexus жол талғамайтын көлігі жолда тұрған жүк көлігіне соқтығысқан. Бар ақпаратқа сәйкес, Джошуа көліктің артқы орындығында отырған.

Энтони Джошуа 36 жаста. Ол Уотфорд қаласында нигериялық отбасында дүниеге келген. Кәсіпқой бокста 29 жеңіске қол жеткізген. Ол IBF, WBA, WBO және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған. Соңғы жекпе-жегін 19 желтоқсанда өткізіп, америкалық блогер әрі боксер Джейк Полды нокаутпен жеңген.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button