Энергетикалық сусындар: қуат әсерінің артында қандай қауіптер жатыр?
Энергетикалық сусындарды бүгінде кез-келген дүкенде көруге болады. Олар тез көңіл көтеруге, өнімділікті арттыруға, шаршауды жеңуге және зейінді шоғырландыруға көмектесетін құрал ретінде белсенді түрде жарнамаланады. Сондықтан оларды студенттер емтиханға дайындық кезінде, ұзақ сапарлардағы жүргізушілер, жұмыс кестесі тығыз адамдар, сонымен қатар жасөспірімдер де энергияны қарапайым сергітетін сусын ретінде жиі пайдаланады.

Энергетикалық сусындардың басты ерекшелігі – олардың ағзаға ынталандырушы әсері. Энергетикалық сусындардың негізгі компоненттері кофеин, тауриннен тұрады, оның құрамына кіретін гуарана, женьшень сығындылары және басқа заттардың тоник әсері (энергияны көтеру) бар екені белгілі. Негізінен кофеин басты рөлді атқарады, өйткені ол орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, шаршау сезімін уақытша төмендетеді және энергияның жоғарылау сезімін тудырады.
Энергетиктерді тұтынғаннан кейін адам шынымен де сергектік пен белсенділіктің жоғарылауын сезіне алады, бірақ бұл процесте ағза қосымша энергия алмайтынын, өзінің ішкі ресурстарын пайдаланатынын түсіну маңызды. Сусынның стимулдық әрекеті аяқталғаннан кейін көбінесе әлсіздік, ашуланшақтық және зейіннің шоғырлануы төмендеуі және тітіркену арқылы білінетін кері әсер пайда болады.
Сондай-ақ, энергетикалық сусындардың көпшілігінде қанттың едәуір мөлшері бар екенін ескеру қажет. Мұндай сусындарды үнемі тұтыну көмірсулар алмасуының бұзылу қаупін арттырады, артық салмақтың көбеюіне ықпал етеді және қант диабеті мен жүрек-қан тамырлары ауруларының даму ықтималдығын арттырады. Энергетиктердің дұрыс тамақтанбаумен және физикалық белсенділіктің болмауымен үйлесуі әсіресе қолайсыз.
Халықаралық бақылауларға сәйкес, энергетикалық сусындарды тұтынушылардың айтарлықтай үлесін жасөспірімдер құрайды. Жастар олардан болатын салдар туралы ойланбастан оларды әдеттегі сергітетін сусын ретінде қабылдайды, Әлі өсу мен қалыптасу сатысындағы жасөспірімдер ағзасы мұндай сусындарға әсіресе сезімтал келеді. Шамадан тыс тұтыну ұйқының бұзылуымен, мазасыздықтың жоғарылауымен, жүрек соғуының жиіленуімен, бастың ауруымен және жүйке қозғыштығының жоғарылауымен бірге жүруі мүмкін.
Энергетикалық сусындар күнделікті тұтыну өнімдеріне жатпайды. Олар техникалық регламенттер мен санитариялық заңнаманың талаптарына сәйкес міндетті бақылауға жатады. Өндірушілер қаптамада толық құрамын, құрамындағы кофеиннің мөлшерін, қолдану жөніндегі ұсыныстарды және қарсы көрсетілімдер туралы ескертулерді көрсетуге міндетті. Сатып алушылар үшін өнімді сатып алмас бұрын осы ақпаратпен мұқият танысу маңызды.
Сарапшылар балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, жүрек-қан тамырлары аурулары, жоғары қан қысымы бар, ұйқысыздық және жүйке қозғыштығы жоғары адамдарға энергетикалық сусындарды тұтынуға нұсқаулық бермейді. Сондай-ақ, энегетикалық сусындарды аш қарынға, қарқынды дене еңбегінен кейін немесе оларды алкогольдік сусындармен біріктіріп тұтыну өте дұрыс емес екені атап көрсетіледі, өйткені бұл комбинация ағзаға жүктемені едәуір арттырады.
Жылы мезгілде су ішу режимін сақтау өте маңызды. Таза су қалыпты дене температурасын сақтауға көмектеседі, зат алмасу процестеріне қатысады және ағзаның қалдықтарын шығаруға көмектеседі. Қантты, газдалған энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынудан аулақ бола отырып, бөлме температурасындағы суға артықшылық беру керек.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ата-аналарына айтатыным: қазіргі кезде көбінесе жасөспірімдер қосымша энергия алудың қауіпсіз әдісі ретінде қабылдап, энергетикалық сусындардың тұтынушыларына айналып отыр. Балаларға ынталандыратын сусындарды шамадан тыс тұтынудың ықтимал салдарын түсіндіру, олардың таңдауына назар аудару және жеке мысалдарыңызмен салауатты өмір салтын қалыптастыру маңызды.
Нені болса да саналы түрде тұтыну және өз денсаулықтарыңызға мұқият қарау қауіптерді азайтуға және көптеген жылдар бойы өздеріңізді жақсы сезінуге мүмкіндік береді.
Г.ЖҰМАҒҰЛОВА
Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
басшысының орынбасары



