АймақБас тақырыпТеміртау

Энергетика вице-министрі Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

Теміртау қаласында ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, энергетикалық инфрақұрылым нысандарындағы жұмыс барысымен танысты.
Сурет ҚР энергетика министрлігінен
Кездесу барысында вице-министр алдағы жылыту маусымына дайындық, жылу көздерін жаңғырту, сондай-ақ, жылумен қамту тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады. Атап айтқанда, Топар МАЭС-інде жаңа турбоагрегат іске қосылды, ал Қарағандыдағы ЖЭО-3 базасында жаңа энергоблоктың құрылысы басталды.
2025 жылы облыста жылу желілерін жаңғырту мен газдандыруға ауқымды инвестициялар тарту жоспарланып отыр. Қарағанды мен Теміртау қалаларында төрт ірі жоба – жылу магистралін және ішкі жылу желілерін қайта жаңғырту көзделген.
Өңірді газдандыру мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда аймақта 24 іске қосу кешені жүзеге асырылуда, оның 16-сы – Қарағандыда, 8-і Теміртауда. Бұл жобалар 35 мыңнан астам үйді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қарағанды мен Теміртауда газ тарату желілерінің, Шахтинск қаласында газ құбыры мен автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Кездесу барысында вице-министр тұрғындардың электр және жылумен қамту, тариф саясатына қатысты сұрақтарына жауап берді. Сапар аясында Сұңғат Есімханов Теміртаудағы бірқатар стратегиялық маңызды нысандарды аралады. Qarmet» АҚ ЖЭО-2 стансасында №7 қазандық жұмысын бақылап, №3 жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстарының барысымен танысты. Ол құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімін сақтау қажеттігін атап өтті. Себебі бұл жобалар қаланы жылумен тұрақты әрі сенімді қамтуда маңызды рөл атқарады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button