Бас тақырып

Энергетика министрлігі бензин бағасы қымбаттамайтынын мәлімдеді

Энергетика министрлігі бензин бағасын көтеру жоспарда жоқ екенін мәлімдеді. Ведомство басшысы Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, жанармай нарығына енгізілген мораторий отын бағасының өсуін уақытша тоқтатуға мүмкіндік берген деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі http://t.me/zakonkz – ке  сілтеме жасап. 

Сурет ЖИ


Министрдің сөзінше, егер 31 наурыздан кейін Үкімет автожанармай құю стансаларының (АЗС) қызметіне араласпау жөнінде шешім қабылдап, нарық еркін режимде жұмысын жалғастырса, баға саясатын ішкі сұраныс пен ішкі ұсыныс айқындайтын болады.

— Егер 31 наурыздан кейін Үкімет жанармай нарығына араласпау туралы шешім қабылдаса, онда баға қалыптасуына ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсыныс әсер етеді, — деді Ерлан Ақкенженов.

Сонымен қатар ол Энергетика министрлігі жанармай бағасының күрт өсуіне жол бермейтінін нақты атап өтті. Ведомство жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылдайтынын жеткізді.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button