Бас тақырыпЖаңалықтар
Енді жеке куәлікті онлайн жаңартуға болады
Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығымен жеке куәлікті онлайн жаңартуға арналған жаңа қызмет іске қосылды.

Бұл – мемқызметтерді цифрландыруға бағытталған пилоттық жоба.
Қызмет қашан қолжетімді?
Жаңа куәлікті онлайн тапсырыс беруге екі жағдайда рұқсат етіледі:
- Құжаттың жарамдылық мерзімі аяқталуына 30 күннен аз уақыт қалса;
- Жарамдылық мерзімі 10 күннен аспайтын уақыт бұрын өтіп кетсе.
Қалай өтінім беруге болады?
- eGov.kz порталына немесе eGov Mobile қосымшасына кіріңіз;
- Өтініш формасын толтырыңыз және ЭЦҚ-мен қол қойыңыз;
- Сайт талап ететін форматта өз фотосуретіңізді жүктеңіз;
- Жүйе тіркеу деректерін және фотосуреттің сапасын автоматты түрде тексереді;
- Мемлекеттік бажды онлайн төлеңіз;
- Өтінім мақұлданған соң, дайын құжатты ең жақын ХҚКО-дан барып аласыз.
Пилоттық мерзім
Қызмет 2026 жылдың 31 наурызына дейін пилоттық режимде жұмыс істейді. Жоба тиімділігін дәлелдесе, кейін бүкіл елде тұрақты негізде енгізілуі мүмкін.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.