Бас тақырып
Енді жазасын өтеушілер адвокатпен және дәрігермен телефон арқылы сөйлесе алады
2025 жылғы 23 маусымдағы ІІМ бұйрығына сәйкес, ҚАЖ мекемелерінің тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енді жазасын өтеушілер адвокатпен шектеусіз әрі құпия жағдайда сөйлесе алады.

Қатаң режимдегі немесе изолятордағы жазасын өтеушілерге өмірге қауіп төндіретін жағдайлар мен табиғи апаттар кезінде телефонмен сөйлесуге рұқсат етіледі.
– 11 шілдеден бастап «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 17 қарашадағы №819 бұйрығына енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі. Бұл түзетулер жазасын өтеушілерге заңгерлік және медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған, – делінген хабарламада.
Бұйрық 11 шілдеде күшіне енеді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА