Енді патрулдік полиция жүргізушінің жеке деректерін тексере алмайды
Елімізде енді полиция қызметкерлері планшет арқылы жүргізушілердің жеке деректерін көре алмайды. Сақшылар үшін сенсорлық құрылғы тек хаттама толтыруға жарайды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті хабарлағандай, Әкімшілік істердің бірыңғай тізілімін (ӘІБТ) пайдалану жүйесі өзгертілді. Енді патрульдік қызметкер жүйеге жүргізушінің ЖСН-ін енгізген сайын, ол туралы барлық ақпарат автоматты түрде базаға сақталады және оны өшіруге немесе жоюға мүмкіндік болмайды.
Бұл өзгеріс жүргізушілердің жеке деректерін заңсыз қарау туралы шағымдар көбейгеннен кейін енгізілген.
– Бұған дейін кейбір полицейлер ЕРАП арқылы азаматтардың тұрғылықты мекенжайы, жұмыс орны мен телефон нөміріне дейінгі деректерін көре алатын. Енді мұндай мүмкіндік шектелді, деп түсіндірді комитет.
Жаңа ережеге сәйкес, патрульдік инспектор жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі нақты анықталған жағдайда ғана жүйеге кіріп, хаттама толтыруға немесе айыппұл рәсімдеуге құқылы.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



