Бас тақырып

Енді оқушыларды мектептен мектепке eGov порталы арқылы ауыстыруға болады

Ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке ауыстыруды eGov.kz порталы арқылы жүзеге асыра алады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті.

Сурет www.caravan.kz

Ата-анасы немесе заңды өкілі тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, онлайн өтініш бере алады. Бұл үшін есептен шығару және бекіту талондарын және жеке іс құжаттарын тапсырудың қажеті жоқ. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса өтінішін қайтарып ала алады.

Қызметті алу үшін:

• eGov.kz порталында тіркелу;

• «Білім» → «Орта білім» бөлімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру» қызметін таңдау; •

Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;

• Нәтижемен Жеке кабинетте танысу керек.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button