Бас тақырыпБасты тақырыпБілім

Енді мектепте фастфуд сатылмайды

Министр Ақмарал Әлназарованың айтуынша, алдағы уақытта мектептерде фастфуд сатуға тиым салынады. Осы бағыттағы жұмыстарды жіті қолға алу мақсатында 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық мектепте жаңа Тамақтану стандарты енгізіледі.

Сурет https://kaz.tengrinews.kz/

Мектеп оқушыларының тамақтану деңгейін бағалау үшін алғаш рет “жеуге жарамсыздық индексі” қолданылады. Тәрелкеде қалған тамақ қалдықтарының көлемі есептеледі.

Алдағы уақытта оқушылар үшін қантты тұтыну 3,5 есе азаяды. Ал, тұз мөлшері 2-5 есеге дейін қысқарады.
Тамақ құрамындағы көкөністер, жемістер мен сүт өнімдері көбейтіледі.

Биылдан бастап мектеп оқушысының тамақ мөлшерінен фастфуд өнімдері, яғни гамбургер, чебурек алынып тасталады. Сондай-ақ, шоколад батончиктері мен тәтті газдалған сусындарға тиым салынады. 

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button