Ресми

Енді көмірді өндіріс орындарынан аламыз

Премьер-Министр Әлихан Смайылов тау-кен металлургия компаниялары қызметінің өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиын барысында шалғайдағы елді мекендерді көмірмен қамтамасыз ету мәселесін талқылады, деп хабарлайды  Оrtalyq.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Премьер-Министр өңірлік операторлардың көмірді бөлу жөніндегі қызметін талдау және басы артық делдалдарды айналып өтіп, әлеуметтік объектілер мен халыққа тікелей өндіру орындарынан отын жеткізудің жаңа тетігін пысықтау қажеттігін атап өтті. 

Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы газ саласында Eurasian Resources Group-тың («Еуразиялық топ» ЖШС) жаңа инвестициялық жобаларын іске қосу жоспарын, теміржол инфрақұрылымын дамыту жобасын талқылады.

Қазақстандық және өзбек инвесторларының қатысуымен екі елдің теміржолдары арқылы жүк тасымалдауды жүзеге асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру мәселелері талқыланды. 

Кеңеске Қаржы, Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, «Қазақстан темір жолы», «QazaqGaz» ұлттық компанияларының және ERG компаниясының басшылары қатысты.

Басқа материалдар

Back to top button