Бас тақырып

Енді көлікті сату-сатып алу келісімшартын смартфонмен жасауға болады

2 қыркүйектен бастап «ХҚКО» мобильді қосымшасында автокөлікті онлайн сатып алу-сату келісімшартын рәсімдеуге арналған жаңа сервис іске қосылды. Жаңашылдық азаматтарға құжаттарды мамандандырылған орталыққа бармай-ақ алдын ала ресімдеуге мүмкіндік беріп, уақытты үнемдеуді және рәсімдеу үдерісін жеңілдетуді көздейді.

Сурет kz.kursiv.media

Бұған дейін көлік сату-сатып алу келісімін рәсімдеу үшін азаматтарға халыққа қызмет көрсету орталығына барып, қағаз нұсқадағы келісімшартқа қол қойып, оны QR-код арқылы растау қажет болатын. Енді бұл үдеріс толығымен онлайн форматқа көшірілді. Сатушы мен сатып алушы құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойып, жүйе мемлекеттік деректер базасымен интеграция арқылы ақпаратты автоматты түрде тексереді. Электронды формат техникалық қателіктерді болдырмайды және жалған құжат жасалу қаупін төмендетеді.

Рәсімделген келісімшарт сервис тарихында сақталады және толық заңды күшке ие болады.

Қызметке қол жеткізу үшін «ХҚКО» мобильді қосымшасында ЖСН мен телефон нөмірі арқылы авторизациядан өту қажет.

Жаңа сервис автокөлікті сатып алу-сату келісімін рәсімдеудің дәстүрлі тәртібін алмастырмайды, тек оны толықтырып, азаматтарға анағұрлым ыңғайлы балама ұсынады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button