Бас тақырыпЖаңалықтар
Енді азаматтар МӘМС жарнасы 6 ай төленбесе ғана жүйеден шығады
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жазда еңбек демалысына кететін мұғалімдер тап болатын проблема шешімін тапқанын айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Депутат МӘМС жүйесіне әріптестерімен бірге авторлық түзету енгізгенін айтты.
– Мұғалімдер неге жазда 3 айда жарна төлеп отырса да, жүйеден шығып қалып отырды? Өйткені мамыр-маусым айында 3 айдың жарнасын бухгалтерлер бір айда төлеп тастайды. Сол себепті ол басқа 3 айға төлемеген сияқты болып тұрады. Осы заң жобасына түзету енгіздік, ол қолдау тапты, – деді депутат.
Енді 6 ай МӘМС жарнасы төленбесе ғана азаматтар жүйеден шығады.
Аймағамбетов атап өткендей, бұл өзгеріс тек мұғалімдерге ғана емес, еліміздің МӘМС жүйесіне қатысатын барлық азаматына қатысты.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.