Енді аймақтың бас басылымдарына QR-код арқылы жазылуға болады
Енді Арқа баспасөзінің абызына айналған «Ortalyq Qazaqstan» және «Индустриальная Караганда» газеттеріне «Kaspi.kz» қосымшасының QR-коды арқылы жазылуға болады. Ол үшін уақыт көшінен қалыспай, тарихын тасқа жазып келе жатқан қос басылым оқырмандарына жазылуды ресімдеудің жаңа әдісін ұсынды.
Енді сіз үйден шықпай-ақ газеттің бірінші бетінде жарияланған QR-код арқылы қос басылымға өзіңіз қалаған мерзімге жазыла аласыз. Мұндай қадам жазылушыларға оңтайлы жолдар ұсынып, оқырмандардың баспасөзге жазылу процесін жеңілдету мақсатында жасалып отыр.
QR-кодты тек жеке жазылушылар ғана пайдалана алады және QR-код пайдалану кезінде жеке тұлғадан ешқандай комиссиялық алым алынбайды.
QR коды арқылы жазылу – газетке жазылу процесін мүмкіндігінше қарапайым және қолжетімді етудің тиімді тәсілі.