ҰЭМ: оңайлатылған салық режимі сауда, тамақтану, көлік және әлеуметтік қызметтер үшін сақталып қалады
Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексінің 718 және 723-баптарын орындау мақсатында екі Үкімет қаулысының жобасын жариялады.

Жоба арнайы салық режимін қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесін қолдану критерийлеріне сәйкес келмейтін оңайлатылған декларацияны бекітуді көздейді. Құжаттар арнаулы салық режимін әділ қолдануды қамтамасыз етуге, әкімшілендіруді жеңілдетуге және шағын бизнесті қолдауға бағытталған.
Қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесінің жобасы порталда жүктеу үшін қолжетімді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет ресурсында жарияланған.
Жобаны қабылдау арнайы салық режимін жосықсыз пайдалануды қысқартуға, әкімшілендіру тиімділігін арттыруға, салық жүктемесін әділ бөлуге және шағын бизнес үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
Аяулым СОВЕТ