Бас тақырып

Елу жыл біргемін!

Ертеде Қарағандыда екі қарашаңырақ болатын. Бірі – Сәкен театры болса, бірі – «Ortalyq Qazaqstan» редакция­сы. Сол газетті елу жыл болды, үзбей оқып келемін. Жансерігіме айналды. Асыға күтеміз. Облысымыздың айнасы іспетті. Өңіріміздің барлық тыныс-тіршілігінен хабардар болып отырамын. Әсіресе, өзім мәдениет, руханият тақырыбында жазылатын мақалаларды жата-жастана оқимын. Газеттегі жас журналистердің тақырыпты аша білетініне іштей риза болып отырамын.

Сурет автордан

Мұнымен қоса, Сәкен театрының әр жеткен жетістігін, біздің мерейлі сәттерімізді, қуанышымызды да жарқ еткізіп, Арқа жұртына сүйіншілеп отырады.

Бұған дейін почтаға, я болмаса, редакциядан жазылып жүретінмін. Өткенде «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы жазылуға болады дегенде, шынымен, қуандым. Сол мезетте жазылып үлгердім. Рухани байлығымыз бола білген аймағымыздағы бас басылымға бар жақсылықты тілейміз. Жаңашылдығыңмен жасай бер, менің сүйікті газетім!

Кеңес ЖҰМАБЕКОВ,
Мемлекеттік сыйлықтың иегері,
Қазақстанның Халық әртісі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button