«Елтану» тарихи-танымдық экспедициясы бас ақынның мұражайына тағзым етті
Абайдың 180 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлы тұлғаның ұлағатын ұғыну үшін Қарағанды облысынан «Елтану» атты тарихи-танымдық экспедиция құрамы Абай облысындағы тарихи-мәдени орындармен танысты.

Шырайлы Шығыс өлкесі небір алпауыт тұлғаларды дүниеге алып келді. Солардың көш басында тұратын қазақ әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбайұлы екені кәдік. Солардың қатарында Алаш астанасы Семейде орналасқан «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік әдеби-мәдени қорық мұражайы.
Сапар саңлақтары осынау мәдениет ошағына келіп, Абай мұрасымен сусындау барысында аймақ әкімі Берік Уәли және Сыр өңірінен келген Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен ұшырасты.
Қала күніне орай келген делегация құрамы Абай еліне арнайы концерт бағдарламасымен келіп, бас ақынның мұражайына тағзым етті.
Өз кезегінде қос облыстың тізгін ұстар әкімдері Арқа азаматтарына ілтипат білдіріп, қонақжайлық көрсетті.
Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН
“Ortalyq Qazaqstan”