Елорданың ерекше 10 дерегі
Елорданың туған күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы Астана туралы ерекше деректермен бөлісті. Бір кездері шағын өңірлік қала болған Астана бүгінде елдің саяси, экономикалық және мәдени орталығына айналды. Елорда туралы ерекше 10 дерекке назар аударайық.

1. 2025 жылғы 1 маусымдағы ресми дерекке сәйкес, Астананың халық саны 1 566 566 адамды құрайды
2. Қала тұрғындарының ішінде әйелдердің үлесі басым – 823 766 әйел, 742 800 ер адам
3. Астанада 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 6 025 сәби дүниеге келді
4. Елордада 2025 жылдың І тоқсанында 1 914 неке тіркелген
5. Күтілетін өмір сүру ұзақтығы – 78,52 жыл
6. Елордада 14 жоғары оқу орны білім беруде
7. 10 театр бар
8. Қалада 7 мұражай жұмыс істейді
9. 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 295 179 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген
10. Қазақстанда Астана есімін иеленген 24 адам тұрады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА