Бас тақырыпЖаңалықтарРесми

Елордада «Бақыт деген» әнімен ерекше флешмоб өтті

Елордадағы MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында «Бақыт деген» атты музыкалық флешмоб өтті. Іс-шара мерекелік күнге орай ұйымдастырылып, Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын қолдау мақсатында өткізілді. Акция барысында қатысушылар танымал «Бақыт деген» әнін жанды дауыста орындап, қарапайым кездесуді әсерлі қоғамдық перформансқа айналдырды.

Сурет referendum2026.kz

Флешмобтың сюжеті алғашында қарапайым көріністен басталды: жас жігіт сүйіктісін қолына гүл шоғын ұстап қарсы алып, гитарамен баяу әуен ойнай бастайды. Алайда әннің алғашқы қайырмасынан бастап сауда орталығындағы түрлі бутиктерден қатысушылар шығып, әнге күтпеген жерден қосыла бастайды. 

Әрбір қайырма сайын орындаушылар саны көбейіп, көрермендер үшін тосын әсерге толы көрініс қалыптасты. Осылайша қарапайым музыкалық бастама біртіндеп ауқымды хормен орындалатын әсерлі қойылымға ұласып, сауда орталығының кеңістігін қуаныш пен мерекелік көңіл-күйге бөледі. 

Флешмобтың шарықтау шегі финалдық қайырманың бәрі бірге орындалған сәтінде болды. Сол кезде жас жігіт сүйіктісіне жақындап, гүл шоғын ұсынып, бір тізерлеп отырып, өзінің сезімін ашық білдірді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Бақыт деген» акциясы шынайы сезім, қуаныш пен қоғамдық бірліктің символы ретінде ойластырылған. Музыка мен адамдардың белсенді қатысуы арқылы жоба қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды, бір-біріне қолдау көрсетудің маңызын еске салуды мақсат етеді. 

Сонымен қатар ұйымдастырушылар бұл шара жаңа Конституция жобасын қолдаудың тағы бір маңызды қоғамдық белгісіне айналғанын атап өтті. Айта кетейік, Қазақстанда жаңа Конституция бойынша республикалық референдум 15 наурызда өтеді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Back to top button