Жаңалықтар

Эльмир Алимжанов – 1/8 финалда

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасының ең тәжірибелі мүшесі Эльмир Алимжанов 2024 жылғы Олимпиаданың 1/16 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ortalyq.kz Olympic.kz  сайтына сілтеме жасап.

Суретті түсірген Владислав Семенов

Алимжановтың қарсыласы – франциялық Луиджи Мидльтон болды. Қарсыластар өте тартысты жекпе-жек өткізіп, жеңімпаз бір ұпай айырмашылығымен анықталды. 

Кездесу 15:14 есебімен Эльмирдің жеңісімен аяқталды. 

Айта кетелік, бұған дейін қазақстандық Руслан Курбанов Олимпиаданың 1/8 айналымына шыққан болатын. 

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button