Елінің ардақты азаматы еді

Елі мен жерінің игілігі үшін ғұмырын арнаған, азаматтық ұстанымы мен парасаты арқылы көпке үлгі болған Төлеутай Мінапасұлы – халық қадірлеген абзал жан еді. Ол мемлекеттік қызмет саласының ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы ретінде ел дамуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Еңбек жолында алған марапаттары мен орден-медальдары – оның халқы үшін аянбай тер төккенінің айғағы.
Төлеутай Мінапасұлы қай істе де адалдығымен, әділдігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді. Адамдармен тіл табысуды білетін, ел мүддесін бәрінен жоғары қойған, жауапкершілігі мол басшы болды. Қай қызметте жүрсе де, істің жөнін білетін білікті маман ретінде ауыл шаруашылығы саласының дамуына, аудандағы әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға зор үлес қосты.
Басшы ретіндегі талапшылдығы, әділеттілігі мен қамқорлығы талай жас маманның шыңдалуына себеп болды.
Төлеутай Мінапасұлы аудандық және облыстық деңгейдегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, елдік мәселелерде үнемі жауапкершілік танытты. Халық қалаулысы ретінде де, басшылық қызметтерінде де ел сенімін ақтай білді. Оның көрегендігі, парасат-пайымы, ел болашағына деген шынайы жанашырлығы әр істен көрініп тұрды.
Саналы ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған ардақты азаматтың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады. Ол артында өшпес өнеге, құрметке толы із қалдырды. Еліне сіңірген еңбегі мен адамдық болмысы келешек ұрпаққа үлгі болып қала береді.
Асыл азаматтың жаны жәннатта, топырағы торқа болсын.
Жақсының аты өшпейді. Ардақты азаматтың туған-туысы мен ұрпағына Алла сабыр берсін!
Е.Ержанов, Н.Омарханов,
Р.Алин, Т.Сәдуақасов
Е.Төлеуов, Ә.Мұстафин,
Ш.Омаров, Т.Бейсенбаев,
С.Тәттімбетов, Ө.Алин,
У.Есенбаев, М.Қасымжанов, М.Омарбаев, А.Құлмағанбетов
№485


