Елімнің ертеңі үшін…
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өсіп-өркендеуіне айрықша үлес қосқан Ақжал кентінің тұрғыны, Шет ауданының Құрметті азаматы Серік Қамбар № 738 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Ақжал кентінде ел болашағы жастардан бастап, еңкейген қарияға дейін жауапты науқанда белсенділік танытуда. Аудан бойынша таң атпай келіп дауыс бергендердің бірі ақжалдық қария болып отыр.
– Сайлаудан тысқары қалып көрген емеспін. Ақжалда 4500 адам тұрады. Сайлау учаскесіне келген сайлаушыларға ақ батамды бердім. Сонымен бірге, осы кенттің ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде сайлауға ат салысып жатырмыз, – дейді Серік Қамбар ақсақал.
Сонымен қатар, қария сайлаудың ауыл өміріне тікелей әсер ететінін айтып, саяси додаға жоғары бағасын берді. Өз таңдауын жасап, азаматтарға сәттілік тіледі.
Нұрдос КӘРІМ
ШЕТ ауданы