Бас тақырыпЖаңалықтар

Еліміздің ТОП-5 туристік өңірі анықталды

Туризм және спорт министрлігі Қазақстанның ТОП-5 туристік өңірлерін анықтады.

Министрліктің мәліметінше, 2024 жылы еліміздегі қонақүйлер мен басқа да орналастыру орындарының қызметін 9,1 миллионнан астам турист пайдаланған, – деп хабарлайды ortalyq.kz. Көрсетілген қызмет көлемі 300 млрд теңгеге жеткен.

Сурет: kaz.tengrinews.kz

Назарларыңызға туристерді ең көп қабылдаған еліміздің ТОП-5 өңірін ұсынамыз.

5-орын – Алматы облысы

2024 жылы Алматы облысына 507,5 мың саяхатшы келген. Қазіргі таңда өңір ішкі туризм бағытында сұранысқа ие орындардың бірі саналады.

4-орын – Шымкент

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Шымкентке 508 мың турист саяхаттаған. Қала еліміздің тұрақты туристік орталықтарының қатарына кіреді.

3-орын – Ақмола облысы

Бурабай курорттық өңірі мен өлкенің көркем табиғатын 2024 жылы 533 мың турист тамашалаған. Ақмола облысы ішкі туризм пен экотуризмнің ірі орталығы саналады.

2-орын – Астана

Елорданың іскерлік және оқиғалық туризм әлеуеті жылдан жылға артып келеді. 2024 жылы Астанаға 1,5 млн турист келген.

1-орын – Алматы

Алматы қаласы тағы да туристер арасында ең танымал бағыт ретінде танылды. Қаланың инфрақұрылымы, тау шаңғы курорттары, қолайлы климаты мен табиғаттың әсем үйлесімі мегаполиске 2,3 миллион қонақты тартты.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button