“Еліміздің дамуына қарағандылықтар да адал еңбегімен елеулі үлес қосып келеді”
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн тарихқа қазақ мемлекеттілігінің жандануының символы ретінде, халқымыздың Тәуелсіздігіне, бірлігі мен өркендеуіне жол ашқан күн ретінде мәңгілікке енді. 1990 жылғы 25 қазанда мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдануы мемлекет болу жолындағы маңызды қадам болды.
Осы жылдар ішінде Қазақстан біршама жетістіктерге қол жеткізді. Тұрақты экономика мен азаматтық қоғам институттары нығайтылып, азаматтарымыздың әл-ауқаты өсуде.
Біздің еліміз халықаралық аренада өзара келісімге бағытталған диалог, серіктестік және бейбітшіліктің бастамашысы ретінде танылды. Бүгінде еліміздің дамуына қарағандылықтар да адал еңбегімен, қажыр-қайратымен елеулі үлес қосып келеді. Сіздерге Отанға деген риясыз сүйіспеншіліктеріңіз бен еңбекқорлықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Құрметті жерлестер!
Республика күні әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық, бақ-береке ала келсін. Тәуелсіз Қазақстан бейбіт аспан астында өсіп, өркендей берсін!
Мереке құтты болсын!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық
мәслихатының төрағасы



