Бас тақырып
Бүгін еліміздің бірнеше облысында сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды
Қазақстанның бірнеше аймағында бүгін, 16 ақпанда оқушылар онлайн оқиды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Aikyn.kz сілтеме жасап.

Астана, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында мектептегі сабақтар аязға байланысты қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
– 16 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты І ауысымда оқитын 0-11-сынып оқушылары және колледж студенттері үшін сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады, – делінген Астананың Білім басқармасы таратқан хабарламада.
Осындай бұйрыққа Семейдегі білім ведомствосы да қол қойды. Ал Ақтөбе және Қарағанды облыстарында екі ауысымда да оқу онлайн форматқа ауыстырылды.
Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.