Бас тақырыпЖаңалықтар

Еліміздің 95 университеті оқу жоспарына ЖИ-ге қатысты пәндерді енгізді

ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында уақыт талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Сурет Freepik

Ол 2025 жылдан бастап барлық білім беру бағдарламаларына жасанды интеллектті қолдану дағдылары енгізілгенін атап өтті. Қазіргі уақытта 95 университет оқу жоспарына жасанды интеллектке қатысты пәндерді енгізді. Сонымен қатар 30 жоғары оқу орны жасанды интеллект бағыты бойынша 42 білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Профессор-оқытушылар құрамының 54%-ы ЖИ бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button