Еліміздегі алғашқы АЭС-тің макеті таныстырылды
Қазақстандағы алғашқы АЭС салынуы жоспарланған Алматы облысындағы Үлкен кентінде атом электр станциясының макеті таныстырылды.

АЭС Балқаш көлінің жағасында “Росатом” мемлекеттік корпорациясы жетекшілік ететін халықаралық консорциумның қатысуымен салынады.
ҚР Атом энергетикасы агенттігінің мәліметінше, Қазақстанда салынатын станция осы үлгіге ұқсас болады. Макетте көрсетілген № 6 энергоблок — әлемдегі 3+ буынына жататын алғашқы энергоблок.
Салтанатты іс-шараға ҚР Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев пен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв қатысты.
Рәсім ұйымдастырылар жерде топырақ сынамасын алу үшін бұрғылау жұмыстары жүреді. Алынған капсуладағы үлгілер Ресей жағына зерттеу жүргізу үшін тапсырылады.
АЭС жобасының құны кемінде «14 млрд доллар» деп бағаланып отыр.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА